Жарнама
Білім

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН – 187 БІЛІМ ГРАНТЫ!

ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 187 БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ.

Атырау облысының әкімдігі жоғары білімді кадрларды даярлау үшін 2022-2023 оқу жылына жергілікті бюджеттен бөлінетін білім беру гранттарына құжаттарды қабылдауды бастады, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 10-17 тамыз аралығында сағат 09.00 – 18.30 дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Экономика және құқық факультеті» базасында жүзеге асырылады. Грант иегерлерінің тізімі облыс әкімдігінің, білім басқармасының сайттарында 25 тамызға дейін жарияланады. Білім беру грантын беру туралы куәлік ағымдағы жылғы 26 тамыздан  кешіктірілмей  беріледі, деді облыстық Білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова.

Қажетті құжаттар:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
2) жалпы орта білімі туралы құжат көшірмесі. Құжаттарды жоғары оқу орнының  қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқасын тапсырады;
3) ҰБТ сертификатының көшірмесі. Құжаттың төлнұсқасы көрсетіледі;
4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама көшірмесі. Төлнұсқа тапсырылыда;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6) Көп балалы, аз қамтылған отбасы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін дәлелдейтін құжаттар көшірмесі.

А.Дүйсекенованың айтуынша, конкурсқа қатысу құжаттары онлайн форматында Білім басқармасының электронды bilimbaskarmasy2022@mail.ru мекенжайы арқылы қабылданады. Байланыс телефоны: 8/7122/ 27-17-96.

Еске сала кетейік, жергілікті бюджет есебінен берілетін білім беру гранттары конкурсының нәтижесі Білім басқармасының сайтында хабарланатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button