Жарнама
Білім

Биыл соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру салтанаты өте ме?

Биыл мектептерде соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру дәстүрлі форматта өтеді.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады.

«Бұл екі іс-шара оффлайн түрде, өткен жылдардағыдай белгіленген мерзімде өтеді. Биыл соңғы қоңырау 25 мамырда болады. Әр мектеп бұл шараны өз бетінше өткізеді. Аттестат тапсыру — бұл балалардың өміріндегі алғашқы маңызды құжат алуы, сондықтан бұл іс-шара да өтеді» деді вице-министр.

Қазіргі уақытта іс-шараларды өткізу форматы бойынша ұсыныстар дайындалуда.

«Оқу жылының аяқталуына әлі бір жарым ай бар. Біз ұсыныстарды дайындап әріптестеріміз бен БАҚ өкілдеріне жариялаймыз. Бұл жыл сайын өткізілетін іс-шара. Әрине, өткен жылдары коронавирусқа байланысты шектеулер болған соң, толыққанды өткізе алмадық. Бірақ, биыл аттестат тапсыру білім беру ұйымдарының қабырғасында салтанатты түрде өтеді» деп толықтырды Шолпан Каринова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button