Биыл Президент стипендиясы 1 005 студент пен 7 магистрантқа беріледі

prezident stipendiyasy zhogary oku orny grant el farabi atyndagy kazuu Білім

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «ҚР Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта жазылғандай, биыл Президент стипедиясы оқу орындары арасында былай бөлінді:

– Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – бакалавриат – 100, магистратура – 2;

– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бакалавриат – 94, магистратура – 2;

– Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті -бакалавриат – 94;

– Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университет – бакалавриат – 2;

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – бакалавриат – 5 магистратура – 1;

– Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – бакалавриат – 7;

– Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті – бакалавриат – 30;

– А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті -бакалавриат – 55;

– Торайғыров университеті – бакалавриат – 20;

– Павлодар педагогикалық университеті – бакалавриат – 21, магистратура – 1;

– Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті – бакалавриат – 27;

– Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті – бакалавриат – 4;

– Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті – бакалавриат – 34;

– Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті – бакалавриат –12, магистратура – 1;

– Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – бакалавриат – 13;

– Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті – бакалавриат – 8;

– Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті – бакалавриат – 11;

– Қарағанды индустриялық университеті – бакалавриат – 2;

– Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi – бакалавриат – 47;

– Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті – бакалавриат – 34;

– М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi – бакалавриат – 60;

– Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті – бакалавриат – 20;

– Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті – бакалавриат – 11;

– М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті – бакалавриат – 25;

– Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті – бакалавриат – 25;

– Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті – бакалавриат – 2;

– Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – бакалавриат – 4;

– Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – бакалавриат – 2;

– КИМЭП университеті – бакалавриат – 25;

– Нархоз университеті – бакалавриат – 3;

– Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті – бакалавриат – 7;

– Алматы технологиялық университеті – бакалавриат – 16;

– Алматы менеджмент университеті – бакалавриат – 4;

– Халықаралық білім беру корпорациясы – бакалавриат – 35;

– «Туран-Астана» университеті – бакалавриат – 2;

– «Туран» университеті – бакалавриат – 15;

– Сулейман Демирель атындағы университет – бакалавриат – 30;

– Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті – бакалавриат – 2;

– Астана халықаралық университеті – бакалавриат – 4;

– Қ.И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институт – бакалавриат – 18;

– Еуразия гуманитарлық институт – бакалавриат – 5;

– Логистика және көлік академиясы – бакалавриат – 1;

– Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті – бакалавриат – 4;

– Халықаралық бизнес университеті – бакалавриат – 12;

– Тараз халықаралық инновациялық университеті – бакалавриат – 3;

– Қазақ технология және бизнес университеті – бакалавриат – 2;

– «Қазақ спорт және туризм академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы – бакалавриат – 1;

– Каспий қоғамдық университеті – бакалавриат – 3;

– Alikhan Bokeikhan University – бакалавриат – 12;

– Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті – бакалавриат – 14;

– Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті – бакалавриат – 4;

– Шымкент университеті – бакалавриат – 5;

– Қазақстан-Американдық еркін университеті – бакалавриат – 4;

– А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті – бакалавриат – 4;

– Қазақстан-Неміс университеті – бакалавриат – 1.

Стипендия еліміз бойынша барлығы 55 жоғары оқу орнына бөлінді. Ол арқылы 1 005 студент пен 7 магистрант білім алады.

Аталған бұйырық ресми жарияланған күннен, яғни 5 маусымнан күшіне енді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз