Біртұтас білім беру бағдарламасы әзірленді
Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік жұмыс Біртұтас білім беру бағдарламасы негізінде жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағдарламаның мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде саналы азамат тәрбиелеу. Ұлттық мүдде, ар-ождан, ризашылық, қайырымдылық, ынта-жігер сынды құндылықтар білім беру ұйымдарының барлық тәрбиелік жұмысының мазмұнында көрініс табады.
Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің тұрақты басымдықтары оқушылардың саулығын сақтау, оларға жеке тұлға ретінде құрмет пен сенім көрсету, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Атап өтейік, білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды тәрбиелеу оқу пәндерінің мазмұны, сынып сағаттары мен іс-шаралар, сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша білім беру (үйірмелер, секциялар, факультативтер) арқылы жүзеге асырылатын болады.