Білім
Бір отбасында – екі чемпион
Жуырда Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында өткен республикалық ХІІ жазғы оқушылар сайысында Құрманғазы ауданындағы Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Айару, Амира Есенғұл және Елеусін Ерасыл командалық есепте жүлделі І орынға ие болды.
Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова хабарлады.
Айта кету керек, апалы-сіңілі Айару, Амира Есенғұл — осыған дейін де облыс намысын қорғап, үлкен жетістіктерге қол жеткізген чемпиондар.
Бірінші сыныпты енді ғана аяқтаған Айару ел чемпионатында дойбыдан бірден үш медальды иеленіп, Қазақстан чемпионы атанған болатын. Ал оның 9 жасар бауыры Амира Есенғұл дойбыдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы.
Мәлике МӘЛІК