БЕСІКТІДЕ БАЛАБАҚША ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛМАҚ

295923397 1658864674496009 3588755537529575095 n Білім

Бесікті ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы басталады.

Екі қабатты ғимараттың жобасын жасаушы – «Стройдизайнсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс жұмыстарын «ARSM» мердігер мекемесі жүргізеді.Сонымен қатар, жаңа балабақша құрылысы Береке ауылынан салынады. Қазіргі таңда бөбекжай құрылысына жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтуде. Сараптаманың оң қорытындысы шыққан соң, қаражат бөлінуіне қарай құрылысы басталады. Тапсырыс беруші – Атырау облысы құрылыс басқармасы.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева өңірдегі балабақшаларда орын жеткіліксіз екенін айтып, бүгінде ата-аналардан арыз-шағым көп түсетінін жеткізді. Осы орайда, ол жаңа бөбекжайлар мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтуда бірқатар мәселелерді шешпек дейді.

Atr.kz

(фото: қала әкімдігінің баспасөз қызметі)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз