Жарнама
Білім

Балалар каникулды қалай өткізіп жатыр?

Жазғы каникул күндерін балалар үшін қалай қауіпсіз әрі пайдалы етіп ұйымдастыруға болады? Осы мәселеге айрықша назар аударған Қазақстан Халық партиясы Атырау облыстық филиалы басшылығы «Халық аманаты» жобасы шеңберінде қаланың «Сельстрой» шағынауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.

4af7497a 9b4a 4406 8944 c8000c5d5052


Бұл шара партия белсенділері қолға алған «Әр балаға — қауіпсіз және пайдалы жаз» бастамасының қорытынды кезеңі болып саналады. Тұрғындармен ашық әңгіме, еркін пікір алмасуға құрылған басқосуда балалардың жазғы демалысын жайлы да қызықты әрі пайдалы қылып өткізу жолдары өзекті мәселеге айналды. Осыған ұйытқы болған партия белсенділерінің бірі – Атырау қалалық мәслихатының депутаты Бекзат Есенғожиннің айтуынша, бұл проблеманы жан-жақты зерттеп, зерделеу үшін алдын ала мониторинг өткізіліпті. Оның барысында шаһардағы тынығу аймақтарының жай-күйіне, демалыстың ұйымдасқан формасымен қамтылмаған балалардың каникулды қалай өткізіп жатқанына, олар үшін мәдени, спорттық нысандардың қаншалықты қолжетімділігіне көңіл бөлінді.

7fa8f88a 75c7 43ce b2fa 922ceb573a2c


Жоғарыда аты аталған халық қалаулысынан басқа кездесуге қатысқан Қазақстан халық партиясы Атырау филиалы әйелдер қанатының жетекшісі Лидия Көбентаева, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Эдуард Оспанов пен облыстық білім беру басқармасы тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Дулат Хамзин де ой-пікір, ұсыныстарымен ортақтасты.
Айрықша тоқтала кетер жайт, кездесуде «Сельстрой» шағынауданын абаттандыру мен осында балалардың бос уақытын ұйымдастыру жайы талқыланды. Тұрғындарды толғантқан жайлардың біртіндеп шешімін табатынын алға тартылды.

Биылғы жылдың соңына дейін «Жүз аула» жобасы аясында қала бойынша балаларға арналған 40 ойын алаңқайының құрылысын аяқтап, іске қосу жоспарланды. Бұл тізімге осы «Сельстрой» аумағы да енгізілді. Осылайша, мұндай да өлшемі 15х20 метрді құрайтын алаңқай салынады, — деді салалық бөлімнің өкілі Эдуард Оспанов.

Дәулетқали АРУЕВ,

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button