Атыраулық студенттер RIVIERA-2024 фестиваліне қатысты

bez imeni Білім

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті халықаралық серіктесі Веллоре технологиялық институтынан (Vellore Institute of Technology) RIVIERA-2024 мәдени-спорттық фестиваліне шақырту алды.

Үндістанда жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл фестивальге биыл Франция, Швеция, Малайзия, Португалия, Камбоджа, Тайланд, Бангладеш, Лаос секілді басқа да мемлекеттердің жастары қатысты. Ал Қазақстан Республикасының атынан С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері фестиваль қонағы болды.
– Халықаралық ауқымды іс-шараға қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары мен тағамдарын алып барып, арнайы көрмеге қатыстық. Студенттеріміз өнерін, спорттағы шеберліктерін көрсетті. RIVIERA бағдарламасында түрлі жарыстар, әлеуметтік-мәдени іс-шаралар, концерттер мен қойылымдар болды. Осындай рухани күш алмасуға арналған бағдарламалар жастардың таным көкжиегін кеңейтіп, талантын танытумен қоса ұлттық құндылықтарды дәріптеуде маңызды рөл атқарады, – дейді университеттің жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры м.а. Еламан Әбежан.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз