Атыраулық оқушылар республикалық конкурстан 2 алтын, 1 күміс, 5 қоланы иемденді
Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Сарбалин мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ақмола облысы, Щучье қаласында «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2-7-сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың «Зерде» республикалық конкурсы өтті. Білім додасына еліміздің әр өңірінен 600-ге жуық оқушы 490-ға жуық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарын қорғап, өзара сынға түсті. Оқушылар тіл, тарих, мәдениет, медицина, технология, өнер саласына қатысты 12 секция бойынша зерттеу жұмыстарын қорғады.
-Аталған конкурсқа өңірден 19 оқушы облыс намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 1-орынды Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 6-сынып оқушылары Лира Байдильдаева мен Зере Саясат және Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Балауса Габдилькаким иемденсе, 2-орынды Ломоносов атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Мадина Галымжанова қанжығалады. Ал 3-орын Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 6-сынып оқушысы Ақдидар Қалау, Қ.Мырза-Әли атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Абилхайр Мухамедияр, С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 2-сынып оқушысы Саян Лұқпан, Ж.Мырзағалиев атындары орта мектептің 6-сынып оқушысы Анель Ерболат, К.Абаханов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Дінмұхамед Қонайұлына бұйырды. Сондай-ақ, №34 көпсалалы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Ильяс Ақжолұлы грамотамен марапатталды. Жүзден жүйрік атанып шыққан жас зерттеушілерімізді жүлделі орындарымен құттықтаймыз, — деді Р.Сарбалин.