Жарнама
Білім

Атыраулық оқушылар PISA-дан жоғары нәтиже көрсетті

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін халықаралық PISA зерттеуі бойынша Атырау облысы жоғары нәтижеге қол жеткізді.

PISA – халықаралық зерттеуі барлық білім беру мекемелерінің 15 жастағы оқушылардың математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығынан мәтінді түсіну, пайдалану, бағалау, тұжырымдау және олармен жұмыс жасай білу қабілеттілігі. Бұл зерттеудің ерекшелігі сол нәтижелері үш жылда бір рет шығарылып, білім беру сапасын жақсартуға бағытталған тың ұсыныстар беріледі.

–PISA – 2022 жылғы нәтижесі республика бойынша 7 өңірдің өз көрсеткіштерін жақсартқанын көрсетті. Соның ішінде Атырау облысының нәтижесі бұрынғы жылдармен салыстырғанда жоғары, — дейді облыстық білім беру басқармасының бас маманы Дина Стамғали.

2018 жылмен салыстырғанда, PISA–2022-де мұнайлы өңір сауаттылықтың барлық үш бағыты бойынша ең жоғары өсу динамикасын көрсеткен.

Атап айтсақ, жаратылыстану сауаттылығы бойынша – 45 балл, оқу сауаттылығы бойынша – 34 балл, математикалық сауаттылық бойынша 23 балл жоғары.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button