![Атыраулық оқушы ҰБТ-дан 134 ұпай жинады 1 7887878 e1719402597801](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/06/7887878-e1719402597801-780x470.jpg)
Білім
Атыраулық оқушы ҰБТ-дан 134 ұпай жинады
Атырау қаласындағы “Зияткер” мамандандырылған мектеп-лицейінің түлегі Ербатыр Нұрсұлтан Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары нәтиже көрсетіп, 134 балл жинады.
–Бұл – мектеп бойынша ең жоғары көрсеткіш. Ербатыр болашақта инженер-программист болғысы келеді, — дейді мектеп директоры Зәуре Базылқызы.
Айта кету керек, Ербатыр Нұрсұлтан «Үздік аттестат» иегері, жаратылыстану пәндерінен республикалық президенттік олимпиаданың және республикалық лингвистикалық олимпиаданың жүлдегері.
Асылым ЖАҢАЙ