Жарнама
Білім

Атыраулық оқушы – JBMO Балқан математика олимпиадасының жеңімпазы

Түркия елінің Анталия қаласында өткен математикадан JBMO 2024 Балқан Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстанның намысын қорғаған алты оқушы жүлделі орындарға ие болып, 100 пайыздық нәтиже көрсетті. Бір сүйсінтерлігі, жеңімпаздардың ішінде атыраулық оқушы да бар.

Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, Халықаралық олимпиада 25-29 маусым аралығында ұйымдастырылды. Білім додасына Балқан түбегінің 22 елінен келген 135 оқушы қатысып, бақ сынады.

Қазақстаннан барған құрама команда ішінен Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының ІХ сынып оқушысы Бердібек Орынбасар ІІ орынды иеленіп, күміс медальға ие болды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button