Білім

Атыраулық оқушы Халықаралық олимпиада жеңімпазы атанды

IOI-2024 олимпиадасына 90 елден келген 350 қатысушының арасынан қазақстандық оқушылар үш күміс, бір қола медаль иеленді. Жүлдегерлердің қатарында атыраулық оқушы Мансұр Таймас та бар. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова хабарлады.

Таймас Мансұр – Атыраудағы №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы. Ол соңғы жылдары орасан зор жетістіктерге қол жеткізді.
 
Атап айтасақ, 2021 жылы информатикадан Еуразиялық командалық олимпиадасынан күміс медаль, сол жылы EJOI Информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасынан қола медаль, IATI (Халықаралық күзгі турнир) қола медаль, республикалық информатика олимпиадасынан күміс медаль иеленген.
 
Ал 2022 жылы Информатикадан Еуразиялық командалық олимпиададан — күміс, республикалық информатика олимпиадасынан — алтын, EJOI-дан (информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы) күміс медаль иеленген талантты шәкірт атанды.
 
Сондай-ақ биыл Египеттің Александрия қаласында информатика пәні бойынша өткен халықаралық олимпиадада Қазақстанның құрама командасы 100 пайыз нәтиже көрсетіп, төрт жүлде жеңіп алды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button