Жарнама
Білім

Атыраулық оқушы Балқан олимпиадасынан қола медаль иеленді

Албания астанасында математикадан 27-ші Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасы (JBMO) аяқталды. Оған Балқан түбегінен 20 ел және қонақ елдерден барлығы 130-ға жуық оқушы қатысты.

Оқу-ағарту министрлігінен мәлім еткендей, халықаралық математика жарысында Қазақстан құрама командасы 6 медаль жеңіп алып, 100% нәтиже көрсетті.

Жеңімпаздар:

— Алматы қаласының «Республикалық физика-математикалық мектебі» КеАҚ 9-сынып оқушысы Амирлан Аманжолов –– алтын медаль;

— Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Серік Мұрзабек –– күміс медаль;

— Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Ерқанат Кеңшілік –– күміс медаль;

— Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Әлинұр Маратұлы –– қола медаль;

— Қарағанды облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Жанарыс Теңдіков –– қола медаль;

— Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Аят Абдуллаев –– қола медаль.

«Қатысушылар математикалық олимпиадалардың ережелеріне сәйкес құрастырылған авторлық тапсырмалар орындады. Оларды шешу үшін міндетті түрде ерекше тәсіл қажет. JBMO-ға қатысу – барлық қатысушылар үшін өте қысқа уақытта мәселелерді шешуде өз қабілетін тексеруге жақсы мүмкіндік», — дейді топ жетекшісі Владимир Жук.

Айта кетейік, 19 жылда аталған олимпиадаға 114 қазақстандық оқушы қатысып, 15 алтын, 47 күміс, 37 қола медаль жеңіп алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button