Жарнама
Білім

АТЫРАУЛЫҚ ҒАЛЫМДАР «БОЛАШАҚҚА» БАРАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл алғаш рет «Болашақ» бағдарламасына «Ғалымдар» санаты енгізілген болатын.

Бұл бағыт қазақстандық ғалымдарға жетекші университеттерде, ғылыми және салалық орталықтарда білім алуға, сол арқылы елдің ғылыми әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Республикалық комиссия шешімімен стипендия иегерлері анықталды. Оның ішінде Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің оқытушылары Сәуле Дәулетова, Еламан Абежанов және International Office жетекшісі Алмагүл Тұрдағалиева да бар. Атыраулық ғалымдар Ұлыбританиядағы University of Lincoln/Линкольн университетінде «Білім және ғылымдағы менеджмент» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтеді.

Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алған 20-дан астам маман бүгінде Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде жұмыс істейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button