Жарнама
Білім

Атыраулық 11 оқушы 11 медальға ие болды

«Білім-инновация» лицейлері арасында Тараз қаласында өткен Қазақстан білім олимпиадасында Атырау облысының намысын қорғаған 11 оқушының барлығы да жүлдегер атанып, медальдармен марапатталды.

Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық гуманитарлық бағыт бойынша ұйымдастырылған білім бәсекесінде VII-VIII сынып оқушылары жоғары жетістік көрсетті. Оқушылардың қанжығасында 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль бар.

Жалпы командалық есепте ІІ орын иеленген Атыраудағы қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі «Ең үздік команда» номинациясын жеңіп алды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button