Атыраудағы жазғы үйірменің жоспары қандай?

65667 Білім

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру – қашан да күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Осы бағытта облыста Абай атындағы оқушылар орталығы жыл бойы үздіксіз жұмыс жасайды.

Десек те, балаларын орталыққа тіркеудің мəн-жайын сұрап, редакцияға қоңырау шалушылардың қатары көбейді. Оқырмандардың сауалына орай құзырлы мекемеге хабарласқан едік. Бүгінде орталықта 77 үйірме жұмыс жасайды. Оның 15-і ақылы, қалған 62-сі тегін қызмет көрсетеді екен. Əлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың балалары үшін барлық үйірмелер тегін. Маусым айынан бастап екі ауысым бойынша 200-ге жуық оқушы тіркелді. Қазір үйірмелерге балаларды қабылдау əлі жалғасып жатыр.

7666

– Оқушыларға арналған жазғы бағдарламада тренингтер өткізіліп, балаларға мультфильм көрсетіледі. Облыстық музейлер мен кітапханаларға, табиғат аясына саяхат сабақтары, қала аумағындағы ескерткіштерге танымдық сабақтар ұйымдастырылады. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында əртүрлі ойындар мен іс-шаралар жоспарланған, – дейді орталық директорының орынбасары Мақаш Ілиясов.

щdldldlo

Оқушыларды үйірмеге қабылдау e-qyzmetter.kz сайты арқылы жүргізіледі. Яғни, үйірмелерге ата-аналар балаларын үйінде отырыпақ тіркеуге мүмкіндігі бар. Əуелі порталға ата-ананың бірінің электронды цифрлық қолтаңбасы тіркеледі. Сосын оқушының туу туралы куəлігі, ата-ананың немесе асыраушысының куəлігі, 075у немесе 037у формасындағы оқушы денсаулығы туралы анықтама да қажет. Қажетті ақпаратты орталықтың www.choolcenter.goroo-atyrau.kz cайты арқылы да білуге болады. Сонымен қатар, əлеуметтік желідегі парақшалары мен YouTube арнасы бар.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз