Атыраудағы білім көрсеткіші неге төмен?

301563731 5472488956137982 6964894299089168278 n Білім

М.Өтемісұлы атындағы қазақ академиялық драма театрында облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен мектеп басшылары үшін «Білімді ұлт: Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті. Оған облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ арнайы қатысты.

Әне-міне дегенше жаңа оқу жылы да басталғалы тұр. Осы орайда, аймақ бсшысы барша ұстаздар қауымын алдағы білім күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Ұстаздың басты мақсаты мен міндеті – шәкіртке білім беру ғана емес, сондай-ақ, адамгершілікті құндылықтар мен отансүйгіштік қасиеттерді бойларына сіңіру. Педагог мәртебесі бойынша заң жобасы қабылданып, көптеген өзгерістер енгізілді. Ұстаз болашақты қалыптастыратын азаматтарды тәрбиелейді. Алаш арысы Мағжан Жұмабаев «алты алаштың баласы бас қосса, төр ұстаздікі» деген еді. Сондықтан оларға зор  жауапкершілік жүктеледі. Бір өкініштісі, облыстағы білім сапасы республика бойынша төменгі орында тұр. Оның себебін шұғыл анықтау қажет. Ал, облыс орталығындағы 11 үш ауысымдық және төрт апаттық мектеп мәселесі, қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі секілді мәселелерді бірлесіп шешетін боламыз. Бұл бағытта қомақты қаржы бөлініп, жұмыстар басталып та кетті, – деді аймақ басшысы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз