Білім
Атырауда «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебінің филиалы ашылды
НЗМ, БИЛ, ҰБТ және еліміздің өзгеде де ірі оқу орындары мен олимпиадаларға дайындайтын орталық 300 оқушыға шақталған – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі .
«Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебінің негізі 2014 жылы қаланған. Алғашында ел астанасы Нұр-Сұлтанда ғана жұмыс істеген орталықтың қазір республиканың барлық өңірінде филиалы бар. Білім ордасы мектепке даярлық, бастауыш, орта буын оқушыларын оқытумен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Білім Инновациялық Лицейлері мен жалпы дарынды мектептерге және ҰБТ-ға дайындауда рекордтық нәтижелерге қол жеткізген. Бұдан бөлек, 5 жыл ішінде орталықтың 50-ге жуық шәкірті Халықаралық Олимпиада жүлдегері атанған.
- Ақыл-ой дамыту мектебі 5 бағыт бойынша жұмыс істейді. Мұндағы ұстаздар республика көлемінде педагогтерге семинар-тренингтер өткізіп мұғалімдердің біліктілігін арттыруға зор үлес қосып келеді. Енді, ол ұстаздар атыраулық оқушыларды дайындайтын болады – деді, «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебінің директоры Рысбек Мәуіт.