Жарнама
Білім

Атырауда заманауи мектеп ашылды

Биыл Атыраудағы білім ұяларының қатары бірқатар жаңа мектептермен толыға түсті. Солардың бірі ­– «Oi-Sana school» деп аталатын инновациялық мектеп-лицейi. Қазіргі таңда қыркүйек айында есігін айқара ашатын 230 орындық заманауи мектепте білім алуға өтінімдер қабылданып жатыр.  

Атырау қаласы, Сейфулин көшесі 109 мекен-жайында орналасқан мектептің іші жарық, бөлмелері де білім алуға қажетті соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл жерде мектепалды даярлық және 4-ші сыныпқа дейінгі, яғни бастауыш сынып оқушылары авторлық бағдарлама негізінде тереңдетіп оқытылатын болады. Оның негізін қалаушы мамандар екі тілде оқытатын заманауи жекеменшік мектеп-лицейінде балалардың құндылыққа негізделген саналы тәрбие мен сапалы білім алуына барлық жағдай жасалғанын айтады.

a16b78f9 8dcd 47a5 8b6c 9e61bf977d6d

– Біздің білім ұясы жас ұрпақтың бойына  сапалы білім мен саналы тәрбие сіңіруге негізделген. Мұндағы білім алушылар күндізгі сағат 8.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейінгі аралықта  мектепте болады. Бала түске дейін негізгі сабақтарын оқыса, түстен кейін үй жұмысын орындап, ойын ойнайды. Сонымен қатар, әр бала қалауынша, яғни қызығушылықтары бойынша  түрлі дамыту үйірмелеріне (шахмат, үстел тенисі, каратэ, робототехника, гитара, би, вокал т.б.) қатыса алады. Балалар күні бойына мектеп қабырғасында жүретіндіктен мұнда 3 мезгіл тамақтандыру қарастырылған. Оқушылармен тек мұғалімдер ғана жұмыс жасап қоймайды, олардың жанында жүруге арнайы кураторлар да белгіленген, – деді «Oi-Sana school» инновациялық мектеп-лицейiнің құрылтайшысы Азиза Сайлауғалиева.

Оның айтуынша, оқушылар мектепте қазақ және орыс тілдерінде білім алып ғана қоймай, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны негізгі пән ретінде оқитын болады. Бұл осы мектепте білім алған бала домбыраны міндетті түрде меңгеріп шығатынын білдіреді.

f0f51120 d78b 4776 825c ffb2c8e31b51

– Заманауи мектеп ғимаратында асхана мен спорт залы, ал ауласында футбол алаңы бар. «Oi-Sana school» инновациялық лицейі ұсынатын дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі баланың түрлі байқауларға қатысуына, ғылыми-танымдық жұмыстар жүргізіп нәтиже көрсететініне кепілдік береді. Сонымен қатар, білім беру жүйесі балалардың ақыл-ой  қабілетін дамытуға негізделген оқытудың инновациялық әдістерін ұсынады. Мектепалды даярлық тобы балаңызға ерте жасынан ең жақсы білім алуға бірегей мүмкіндік жасайды, – деді мектеп-лицейiнің құрылтайшысы.

Облысымызда жеке мектептердің ашылуы қарқын алуы, білім беру саласының дамуына оң әсерін тигізетіні анық.  Әсіресе, өңірдегі үш ауысымды және апатты мектептердің санын азайтуға ықпал етеді. Ал, жеке мектеп ашамын деген кәсіпкерге мемлекет тарапынан білім беру қызметін қоса қаржыландыру, жекеменшік мектептерді жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері қарастырылған.

Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, өңірде 12 жекеменшік мектеп бар. Олар да  балаларды орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде оқытады.  

Мектеп-лицейдің негізгі ерекшеліктері:

– тереңдетілген ағылшын;

– тереңдетілген математика және логика;

– робототехника;

– домбыра;

– таңдау негізінде түрлі үйірмелер (бейнелеу өнері, вокал, би, шахмат, үстел теннисі);

– жоғары санатты, білікті оқытушылар құрамы;

– кураторлық сүйемелдеу;

– 3 мезгіл толық теңгерімді тамақтану (ас мәзірі);

– логопед-дефектолог;

– сенсорлық кабинет;

– психолог;

– сабақтарға бейнебақылау жүргізу мүмкіндігі;

– үй тапсырмасын орындау.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button