Атырауда ұстаздар мерекесіне орай салтанатты шара өтті

img 0218 1 Білім

Бүгін Ұстаздар мерекесіне орай «Қалдырған ізің мәңгілік…» атты салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұстаз – бұл өте қасиетті әрі биік мамандық десек артық емес. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстаз дәрежесін көтеру үшін педагогтардың мәртебесі арнайы заң қабылдады. Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – мұғалімнің қолында. Сіздердің бүгінгі атқарған  еңбегіңіз – ұлтымыздың ертеңгі болашағы. Өйткені жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беретін өздеріңіз. Сондықтан да еңбектеріңіз өлшеусіз. Алдарыңызда басымызды иіп, алғыс  білдіреміз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Атыңызды оздырар шәкірттеріңіз көп болсын,- деді С.Шәпкенов. 

img 0217 1

Мерекелік шарада Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 4 қазандағы Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен, 1000 айлық есептік көрсеткіштегі ақшалай сыйақымен Индер ауданы Жарсуат орта мектебінің мұғалімі Ардақ Қайырлиева марапатталды.   

img 0214

Жиында өңірдің білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар ұстазға Оқу-ағарту министрінің Құрмет дипломы мен Алғыс хаты, Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

img 0215

Салтанатты шарада Серік Шәпкенов бірнеше сала ардагеріне «Еңбек ардагері» төсбелгісін тақты. Сонымен қатар «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары 300 айлық есептік көрсеткіштегі ақшалай сыйақымен марапаттады.

img 0216
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз