Атырауда тағы екі BINOM мектебі салынады

binom Білім

Атырау қаласында «Нұрсая» және «Сарыарқа» шағынаудандарынан бөлек, қосымша екі BINOM мектептері салынады.

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Telegram-каналында жазды.

«Атырау қаласында демографиялық өсімнің жоғары болуына байланысты, «Авангард» шағынауданында және Жәңгір хан, Тұмар ханша өткелдері қиылысқан ауданда қосымша екі  BINOM мектебі салынады. Қазіргі уақытта қажетті жер телімдерін анықтау, бекіту жұмыстары жүруде», – деді Ж.Бисембиев.

Айта кетейік, бұл мектептер мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында салынғалы отыр.  

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз