Жарнама
Білім

Атырауда «Менің шағын Отаным» байқауының облыстық кезеңі өтті

Атырау қаласында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық байқауының VII облыстық кезеңі өтті. Бұл байқаудың басты мақсаты – жас ұрпаққа туған өлкесінің тарихи, мәдени және ұлттық құндылықтарын құрметтеуді үйрету, табиғатын қорғауға шақыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы олардың қоғамдық белсенділігін арттыру болды.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Жас авторлар өздерінің елдімекендерінің тарихын, географиялық және табиғи-климаттық ерекшеліктерін бейнефильмдер және макеттік презентациялар арқылы көпшілікке таныстырды. Қатысушылар өздерінің туған өлкелерінің болашағы мен тарихи тұлғаларын ерекше креативті тәсілдермен танытып, байқаудың мазмұнын байытты.

Байқау қорытындысында ең үздік деп танылған оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталды. «Менің шағын Отанымның болашағы» номинациясында Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның Х сынып оқушысы Арай Кәрім жеңімпаз атанды. Ал «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» номинациясында Жылыой ауданы №19 орта мектебінің Х сынып оқушысы Айнұр Батыржанқызы I орынға ие болып, республикалық байқауға жолдама алды.

Бұл байқау жас ұрпаққа өз елінің тарихын, мәдениетін терең түсініп, оларды бағалай білуге мүмкіндік беріп, сонымен қатар шығармашылық әлеуетін дамытуға жол ашты.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button