Білім
Атырауда ертеңнен бастап оқушылар мен студенттер оффлайн оқиды
Ауа-райының қолайлы болуына байланысты 12 қаңтардан бастап мектептер мен колледждер өз жұмысын оффлайн режимінде жалғастырады.
Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.
Еске сала кетейік, облыстық білім беру басқармасы ауа-райының қолайсыздығына орай 2023 жылдың 10-11 қаңтар күні барлық мектеп оқушылары мен колледж студенттерін қашықтықтан оқуға ауыстырған болатын.