Жарнама
Білім

Атырауда ардагер ұстаздардың алғашқы съезі өтті

            Атырауда алғаш рет облыстық білім беру басқармасы жанындағы ардагерлер кеңесінің облыстық съезі өтті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Ұзақ жыл қызметінен қол үзіп, еңбек демалысына шыққан ұстаздар ендігі жерде кеңес арқылы бас қосып отыратын болады. Съез білім саласы ардагерлерінің арасында  әр 5 жыл сайын өткізіледі.

            Ағарту саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қилымғали Қайненовтың айтуынша, бұрын-соңды болмаған ардагер педагогтер кеңесі құрылып, съез өтіп отыр.

bilim 2

«Ардагерлер кеңесі аймақтың білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында құрылған облыстық білім беру басқармасының консультативік кеңесші органы болып табылады. Кеңестің құрамы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін білім беру саласында жұмыс істеген сала ардагерлері қатарынан қалыптастырылады. Кеңестің негізгі міндеттері ­– білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жаңғырту және дамыту жөніндегі кешенді шешімдерді әзірлеу жөнінде кеңес беру. Білім беру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар енгізу. Жас мамандардың кәсібилігі мен моралдық әдептілік келбетін арттыруға және тәлімгерлік дамытуға бағытталған ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету», — деді Қ.Қайненұлы.   

 

rnrnrn

            Бүгінде ұстаздардың ұстазы атанып отырған ардагерлерге кеңестің алғашқы съезі барысында арнайы марапттар ұсынылды. Ұрпақты сапалы білім, саналы тәрбиемен сусындатқан бірқатар ардагер ұстаздар «Еңбек ардагері», «Дауылпаз», «Тәлімгер» медалдарымен және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Суретті түсірген Е.АЛТЫБАЕВ  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button