
Атырауда «Алтын сақа-2021» олимпиадасының жүлдегерлері анықталды
Атырауда республикалық «Алтын сақа-2021» олимпиадасының облыстық кезеңіндегі жүлдегерлері марапатталды.

̶ «Алтын сақа» олимпиадасы V-VI сыныптар аралығында өткізіліп келеді. Облыстық кезеңде өңірден жеті аудан мен қала мектептерінің оқушылары қатысып, биік тұғырдан көрінді. Барлық марапат иелеріне «Зерделі» ақыл-ой мектебінде оқуға жеңілдіктер мен ақшалай сертификаттар табысталды, – дейді Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Сарбалин.
Оқушылардың білімділігі мен біліктілігін дәлелдейтін сайыста 16 қатысушы грамота, 5 қатынасушы жүлделі ІІІ — ІІ орынмен марапатталса, Қуатұлы Арсен, Сайлау Абдулазиз, Қайнен Асылан, Ереулиев Тарлан І орынды қанжығасына байлады.
Сонымен қатар, №17 мектеп-лицейінің алтыншы сынып оқушысы Ереулиев Тарлан Халықаралық математикалық (IMO) олимпиадасынан қола медаль иеленді. Ағылшын тілінде өткен олимпиададан жүзден — жүйрік, мыңнан – тұлпар атанған Тарлан былтырғы республикалық «Алтын сақа» олимпиадасынан бас жүлдемен оралған болатын.

Олимпиадаға оқушыларды дайындаған бір топ ұстаздар мен мектеп директорлары арнайы марапатқа ие болды.
Бас жүлде Атырау қаласы №38 мектеп-лицей
І орын Мақат ауданы О.Сарғұнанов орта мектеп
ІІ орын Атырау қалалық №16 мектеп-лицей
ІІІ орын Атырау қалалық №15 мектеп-лицей
ІІІ орын Атырау қалалық №17 мектеп-лицей
ІІІ орын Атырау қалалық №10 мектеп-лицей
Олимпиада дарынды балаларды қолдау мақсатында Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесіп өткізуде.