Жарнама
Білім

Атырауда “Әл-Фараби Экоуниверситет” жазғы мектебі ашылды

Атырауда экология және тұрақты даму саласындағы үздік зерттеу мен білім беру тәжірибелерін таныстыру мақсатында “Әл-Фараби экоуниверситет” жазғы мектебінің салтанатты ашылуы өтті. Мектеп жұмысы 20 тамызға дейін жалғасады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің профессор-оқытушылар құрамы дәрістер мен шеберлік сағаттарын өткізеді.

2c3cd4e1 b10d 4524 8418 6e1e0f6d93ec

Ашылу рәсіміне UTEBAYEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылым жөніндегі проректоры Марғұлан Ибраимов, экологтар қатысты. Іс-шара аясында тұрақты даму саласындағы жобаларды дамыту үшін ғылыми және білім беру инфрақұрылымын өзара пайдалану жөнінде меморандумға қол қойылды.

Жазғы мектеп — ынтымақтастықты нығайтып, экологиялық-білім беру бастамаларын дамытудағы жаңа қадам.

bbaa36dc 5a45 4276 9152 36d450ba4e90

-Біз білім беру ортасындағы өзгерістер динамикасы, экологиялық мәдениеттің дамуы сияқты негізгі тақырыптарды талқылау мен талдау экологиялық дүниетанымды кеңейтудің және университеттеріміз арасындағы тығыз академиялық әрі ғылыми ынтымақтастықты дамытудың маңызды қадамы болады деп сенеміз. Мұндай жобалар ЖОО арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтып, білім, идея алмасу және экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу алаңын қалыптастырады. Бірлескен жұмыс екі университеттің де тұрақты даму мен экологиялық жауапкершілік саласындағы рөлін арттыруға, сондай-ақ білім беру және ғылыми бағдарламаларды одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді, — дейді UTEBAYEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button