Атырауда 600 орындық мектеп пайдалануға берілді 

9ef8ef5a 178d 4fc6 9766 30c4255ddefa Білім

Балауса ықшам ауданында 600 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

b3b4715b 26e7 4908 8f3d d07108139597

Үш қабатты білім ордасы толықтай заманауи үлгіде салынған. Мұнда қажетті барлық соңғы үлгідегі керек-жарақтармен қамтамасыз етілген. Ғимараттың ішінде пәндік кабинеттер, мәжіліс пен спорт залдары, асхана, медициналық бөлме бар.  

Жаңа білім ордасының ашылу салтанатына Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи қатысып, мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды айтулы оқиғамен құттықтады. 

–  Білім саласын дамыту өскелең ұрпаққа тәрбие мен сапалы білім беру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ол Президентіміздің тапсырмасына сәйкес үкіметтің қолдауымен өңірімізде белсенді жүзеге асырылып келе жатыр. Бүгіннің өзінде қала тарихында ешқашан болмаған мектеп салу қарқынды жүргізілуде. Қазір қаламызда 8 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олар Дамбы, Жаңаталап, Талғайран, Ақжар-2, Көктем, Бірлік, Еркінқала елді мекенінде. Биыл осы мектептердің барлығы іске қосылады деп жоспарлап отырмыз. Осылайша қаладағы үш ауысымдық мектептердің санын азаяды деген үміттеміз. Одан бөлек, биыл  Президентіміздің «Жайлы мектеп» жобасы аясында 5 мектептің құрылысы басталғалы отыр. Мақсат – балалардың тұрғылықты жері бойынша балабақша, мектепке баруына ыңғайлы жағдай жасау. Білім нысандарын жеткілікті деңгейде көбейту. Жаңа мектеп құтты болсын! Балаларға сапалы білім мен жоғары деңгейдегі тәрбиені берсін,- деді М.Қалауи. 
 

ba950bff fd25 4b47 b7e4 ec43aea46f62

Жалпы білім беретін №43 орта мектебінің директоры Гүлжан Қайыржанованың сөзінше, бүгінгі таңда М.Өтемісов атындағы орта мектептен 1-4 сыныптың 203 оқушысы мен 5 мұғалімі аусып келген. Ал жоғары сынып оқушыларын қабылдау мұғалім толықтырылғасын жүзеге асады. Бүгінде мектепке 50 қызметкер мен 44 мұғалім қажет етіліп отыр. Олар конкурс нәтижесімен қабылданбақ. Конкурс «Еңбек.кз» сайтына жарияланған.  

1e1ae7d7 a2e0 4be9 b60f be36a009ceb3

Айта кетейік, қазіргі уақытта 611 оқушы мектепте тіркеулі болса, мектеп алды даярлық тобына 45 бала жазылған.

Фото: Ануар Әбілғазиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз