Атырауда 43 мектепте директордың орны бос тұр

2021 06 02 q0dczv1v 1 Білім

Атырау облысындағы 55 білім ошағында бірінші басшы жоқ. Сонымен қатар 43 мектепте директордың орны бос тұр, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Қазір аймақтағы білім көрсеткіші 50 пайыздан аспайды. Бұл ел бойынша соңғы орындардың бірі. Осы мәселелер арнайы семинар-кеңесте талқыланды.

Жиналғандар оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың басты тетіктерін атады. Әрі «Жайлы мектеп» жобасы туралы да айтылды.

Аталған бағытта аймақта алдағы 5 жылда 12 оқу ордасын салу жоспарланған. Сарапшылар қордаланған проблемаларды жүйелі шешу үшін кешенді жоспар жасақталуы тиіс деп санайды.

«Қазір Мектеп директорларының деңгейін көтеріп, жалпы, көңілін, назарын, зейінін аударғымыз келеді. Әрине, бұнымен білім сапасын арттыру шектелмейді. Сонымен қатар тиянақты және кешенді жоспар қажет. Жергілікті билік сол жоспарды қолдап, жүзеге асыру үшін жағдай жасауы керек», – деді Қаныбек Жұмашев, облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз