Атырауда 280 орындық балабақша пайдалануға берілді
Атырау қаласындағы Ракуша елдімекенінде 3-7 жас аралығындағы 280 баланы қамтитын балабақша салтанатты түрде ашылды.
Балабақшаның ашылу салтанатына Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев пен «ТШО» компаниясының өкілі Рзабек Артығалиев және ауыл тұрғындары қатысты.
«Атырау қаласында 96 балабақша бар. Оның ішінде 46 мемлекеттік балабақшада 12 030 бала тәрбиеленуде.
Сондай-ақ, қаладағы 50 жеке меншік балабақшада 4 455 бала тәрбиеленуде, олардың 34-не мемлекеттік тапсырыс беріліп отыр,
деді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.
Жаңа нысан «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында салынды. Ауданы 2785 шаршы метрді қамтитын ғимаратта балалар үшін барлық жағдай жасалған.
Мұнда 14 топтық алаң, жалпы дене шынықтыру және жол қозғалысы ережелерін зерттеуге арналған алаң бар.
Сонымен қатар , ғимаратта гимнастикалық және музыкалық сабақтарға арналған әмбебап зал, дене тәрбиесіне арналған зал, үйірме үй-жайы жасақталған.