![Атырау қаласында жаңа мектептердің құрылысы басталмақ (+ФОТО) 1 278983905 1594265314289279 6138995732994349552 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/04/278983905_1594265314289279_6138995732994349552_n.jpg)
БілімФОТОГАЛЕРЕЯ
Атырау қаласында жаңа мектептердің құрылысы басталмақ (+ФОТО)
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.
Биыл Атырауда бірнеше мектеп салынады. Соның ішінде, Тасқала-2 (Өрлеу), Еркінқала-2, Көктем-2, Бірлік-2 ауылдарында 600 орындық жаңа білім ошағының құрылыстары жоспарланған.
Қалалық білім бөлімі мамандарының мәліметінше, бүгінде мектептерде орын жетіспеушілігіне байланысты үш ауысымдық оқу ұйымдастырылған. Жаңа мектептер пайдалануға берілген соң, №39, №32, Амандосов атындағы және Еркінқала мектептерінде үш ауысымдық оқу жойылады деп күтілуде.
Сондай-ақ, биыл Жаңаталап және Балауса елдімекенінен екі мектептің құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
![Атырау қаласында жаңа мектептердің құрылысы басталмақ (+ФОТО) 2 278530369 1594265347622609 6395235953160898489 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/04/278530369_1594265347622609_6395235953160898489_n-1024x660.jpg)
![Атырау қаласында жаңа мектептердің құрылысы басталмақ (+ФОТО) 3 278574246 1594265340955943 4844388192714145103 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/04/278574246_1594265340955943_4844388192714145103_n-1024x681.jpg)
![Атырау қаласында жаңа мектептердің құрылысы басталмақ (+ФОТО) 4 278576936 1594265294289281 625591139898945982 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/04/278576936_1594265294289281_625591139898945982_n-1024x570.jpg)
![Атырау қаласында жаңа мектептердің құрылысы басталмақ (+ФОТО) 5 278569759 1594265290955948 9123192277539843116 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/04/278569759_1594265290955948_9123192277539843116_n-1024x570.jpg)
![Атырау қаласында жаңа мектептердің құрылысы басталмақ (+ФОТО) 6 278576791 1594265357622608 5489230367119443045 n](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/04/278576791_1594265357622608_5489230367119443045_n-1024x660.jpg)