Атырау қаласында 7 мектеп салынуда

1591894095 Білім

Облыс орталығындағы үш ауысымдық мектептерді жою мақсатында шаһарда жеті мектеп салынуда.

Бұл туралы қала әкімі Мейірім Қалауи тікелей эфир барысында атап өтті.

– Әрине, бұл жерде тағы бір мәселенің басы қылтияды. Еліміз бойынша білім беру сапасынан соңғы орында екеніміз жасырын емес. Оның үстіне, кейбір ықшамаудандарға жаңа мектеп салынғанмен, ата-аналар балаларын әлі күнге дейін орталықтағы білім ошақтарына әкелуге мәжбүр. Мысалы, Самал мөлтекауданында 600 орындық мектеп салынғанмен, онда тек 400 оқушы ғана оқиды. Ал, Авангард ықшамауданындағы №19 мектепте бала саны тым көп. Яғни, көпшілік білім сапасын, тәжірибелі мұғалімдердің аздығын алға тартып, орталыққа “жүгіреді”. Сондықтан, бұл мәселені шешу үшін білікті мамандарды шақыртуға министрлікке сұраныс жібердік, – деді шаһар басшысы М.Қалауи.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз