Атырау облысында 6 мыңға жуық түлек мектеп бітірді

imgl2174 Білім

Бүгін, 25 мамыр күні Атырауда 5 999 түлек үшін мектепте соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов «Білім-Инновация» лицейі түлектерінің соңғы қоңырау салтанатына қатысты.

  • – Міне, тағы бір жылды артқа қалдырып сыңғырлаған қоңыраудың үнін естігелі отырмыз. Бұл оқушылар, ата аналар мен мұғалімдер үшін айтулы күн. Түлектер Жаңа Қазақстанда жаңа форматпен өз істерін жалғастыру тиіс. Осы ретте өз шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие бере білген ұстаздарға және ата-аналарға айтар алығысым көп, деді Нариман Таушов.

Лицей директоры Исмайл Эльманың айтуынша, аса маңызды жолға қадам басқалы отырған 49 түлек бар. Оның ішінде 5 түлек «Алтын белгіге» , 11-і «Үздік аттестатқа» үміткер.

Биылғы жылы облыс мектептерін 6 мыңға жуық түлек бітіргелі отыр. Олардың арасында «Алтын белгіге» үміткер 244, «Үздік аттестатқа» 243 мектеп бітіруші бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз