
Атырау мұнай-газ университеті докторантураға қабылдап жатыр
Мұнай-газ және химия өнеркәсібі — ел экономикасының негізі. Осы салаларда кәсіби біліктілікті арттырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарында табысқа жетуді көздейтін мамандар үшін С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті (UTEBAEV UNIVERSITY) PhD докторлық бағдарламаларын ұсынады. Бұл бағдарлама еліміздегі жетекші ғылыми орталықтарда білім алу мен зерттеу жүргізуге үлкен мүмкіндік береді.
Білім беру бағдарламалары — 8D07201 – Мұнай-газ инженериясы: Мұнай-газ саласындағы инженерлік мәселелерді терең меңгеруге бағытталған. Ал 8D7101 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы, машиналар, аппараттар және жабдықтар: химия технологиясы мен техниканың соңғы жетістіктерін қолдана отырып, инновациялық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді. Оқу мерзімі – 3 жыл.
Докторантура бағдарламалары жоғары білімі мен магистр дәрежесі бар әрі ғылыми және педагогикалық қызметке қызығушылық танытатын білікті мамандарға арналған.
-Бұл бағдарлама кәсіби дамудың жаңа деңгейіне шығуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және халықаралық ғылыми қауымдастықта өз орныңызды табуға мүмкіндік береді. Индустриалды университеттің заманауи зертханалары мен жоғары білікті оқытушылары сіздің ғылыми жетістіктеріңізді қолдауға дайын. Докторантураға құжаттар 3-тамызға дейін қабылданады, — деп атап өтті С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті академиялық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Нұркен Ахметов.