Жарнама
Білім

Атырау мектептерінде қауіпсіздік қаншалықты сақталған?

Атыраулық оқу орындары қазіргі уақытта мамандандырылған күзетпен қамтылған ба? Өңірдегі мектеп жасындағы балалар қаншалықты қауіпсіз?

Облыстық білім беру басқармасының мəліметінше, бүгінде аймақтағы 200 мектеп – 9 109 бейнебақылау жүйесімен қамтылып, 137 мектеп полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Өңірдегі 151 балабақшаға 5 397 бейнебақылау жүйесі орнатылғанымен оның 20-сы ғана жедел басқару орталығына қосылған.

– 2021-2022 оқу жылында «Дабыл түймесін» орнату мақсатында жергілікті бюджеттен 8 8 млн. теңге қаржы қаралып, 200 мектепке толықтай «дабыл түймесі» қондырылды. Жалпы, білім беру мекемелері ғимараттары мен аумақтарында бөгде адамдардың болу тəртібі, сондай-ақ білім алушылардың қауіпсіздік шаралары күшейтілген жəне күнделікті бақылауда. Өткен жылы облыс, қала жəне аудан орталықтарында орналасқан 66 жалпы орта білім беру ұйымдары лицензияланған күзетпен қамтамасыз етілді. Қала бойынша барлық мектеп мамандандырылған күзет қызметімен 100% қамтылған. Қалаға қарасты ауылдық округтерде орналасқан 14 білім беру ұйымы техникалық жағдайларға байланысты «Сергекке» қосылмаған. Қазір бұл мектептерді жедел басқару орталығына қосу мүмкіндіктері қарастырылуда, — деді облыстық білім беру басқармасының басшысы.

Осы апта басында облыс əкімі Серік Шəпкеновтің төрағалығымен өткен жиында мектепте бала саны 100 оқушыдан кем жəне кейбір білім беру мекемелерінің техникалық мүмкіндігіне байланысты жедел басқару орталығының интеграциясын орнатуға келмейтіндігі туралы айтылды. Десе де, облыс əкімі арнайы құрылған комиссияға 1 ай ішінде барлық мектепті тексеруді тапсырды.

Аталған жиында мəселенің өзектілігіне маңыз берген аймақ басшысы «балалардың қауіпсіздігі – басты назарда. Сондықтан, қаражат мəселесі де кедергі болмауы тиіс» деп баса айтты.

Мəлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button