Атыраулық студенттер Конституцияны жатқа айтып, білім грантын жеңіп алды

20180830192247 Білім

Атыраулық 3 студент Конституцияны жатқа айтып, білім грантын жеңіп алды.

20180830192247

Атырауда «Конституцияны жатқа білемін!» атты дәстүрлі байқау ұйымдастырылды. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткен байқауға 16 ЖОО-дан студенттер қатысты.

Білім сайысын ашқан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев Конституцияның елдегі ішкі тәртіпті, азаматтардың ерік-жігері мен бостандықтарын белгілейтін бірден-бір құжат екенін айта келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Байқау екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде қатысушылар онлайн-тест сынағында құқықтық сауаттылықтарын сарапқа салды. Сыннан сүрінбей өткен жетеуі екінші кезеңге жолдама алды. Келесі кезеңде олар билет суырып, онда көрсетілген бапты түгел жатқа айтып шықты», – дейді шара ұйымдастырушылары.

Айта кетелік, байқау қорытындысы бойынша 3 студент Нұрдәулет Бағытжан, Гүлнұр Галиева мен Назерке Нұрмұқанова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 1 жылдық оқу грантына ие болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз