Атыраулық мектеп – үздіктер қатарында

Atyiraulyi mektep zdikter ataryinda Білім

Атыраудағы «Білім-Инновация» лицейі республикадағы үздік олимпиадалық мектептер қатарына енді.

????????????????????????????????????

Білім ордасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017-2018 оқу жылында өткен республикалық олимпиада қорытындысымен еліміздің ең үздік 100 олимпиадалық мектептері анықталды. Тізім оқушылардың республикалық пән олимпиадаларында жеткен жетістіктері негізінде жасалды.

– Атырау «Білім-Инновация» лицейі төрт күміс және жеті қола медаль марапаттары негізінде барлығы 15 ұпай жинады. Үздік жүздіктің ішінен 16 орынға ие болды. Бұл – Қазақстандағы 8000-ға жуық мектеп арасында жоғары нәтиже көрсеткен  лицей үшін үлкен жетістік, – дейді білім ошағының баспасөз қызметінің жетекшісі Амандық Есқалиев.

Алтыншаш  ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз