Абат Сатыбайұлы – «Құрметті профессор»
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде профессор Абат Қыдыршаевқа университет ғылыми кеңесі шешімімен тағайындалған «Құрметті профессор» атағы ресми түрде табыс етілді.
Абат Сатыбайұлы – педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан ұлттық құндылықтар академиясының академигі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғалым мамандарға арналған ғылыми зерттеу еңбектерге орай берілетін мемлекеттік стипендия иегері (2006).
Қазір ол – Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасының меңгерушісі, «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы», «Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері», «Шешендіктану», «Шешен лектор профессиограммасы», «Шешендік тағылымы», «Іскерлік шешендіктану қағидалары», «Педагог мамандардың шешендік шеберлігін жетілдіру талаптары», «Іскерлік шешендіктану», «Шешендік өнер», «Педагогикалық шешендіктану», «Тілдік қатынас мәдениеті», «Педагогикалық практика-мамандыққа баулу сатысы» атты монография, оқулық, оқу-әдістемелік құрал, бағдарлама, электронды оқу құралдарының және қазақ тілін оқыту әдістемесі, ахметтану, шешендіктану және шешентануды оқыту технологиялары бойынша 150-ден аса ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.