Білім

АЭС салынып жатқанда 10-15 жыл бойы кадрлар даярланады

Бүгінде қоғамда АЭС мәселесі кеңінен талқылануда. Көпшілік арасында «АЭС-те жұмыс істей алатын білікті кадрлар бар ма?» деген сауал туындап та жатыр.

Әрине, оған бізде мамандар жеткілікті деп айта аламын. Себебі, Қазақстанда Ядролық физика институты жұмыс істейді. Сондай-ақ, АЭС құрылысымен айналысатын компаниялар болашақта сол құрылғыларда жұмыс істейтін мамандарды өздері оқытады. Мұндай тәжірибе әлемнің барлық елінде бар.

Өйткені, заманауи технологияны қондырғы, құрылғы және реакторларды шығарушы кәсіпорындар жақсы біледі. Бүгінде бірнеше зауыт осындай принциппен жұмыс істейді. АЭС салынып жатқан кезде 10-15 жыл бойы кадрлар даярланады. Келісім-шартта солай қарастырылады.
Негізі, АЭС-тің тиімділігі өте жоғары. Ол күкірт диоксидін шығармайды. Радиоактивті қалдықты химиялық тұрғыдан қайтадан өңдей аламыз.
Бізде де АЭС-тің бірнеше буыны бар. Білуімізше, Қазақстанда үшінші (3+) буын салынбақшы. Ал, Чернобыльде бірінші буын салынған. Біздің елдегі АЭС-те энергия өндіру жағынан тиімді әрі қауіпсіз болады. Тағы бір ерекшелігі – АЭС-тің үшінші буыны апат болған жағдайда барлығын блоктайды. Автоматтандырылған жүйеге қосылған қауіпсіздік аппараты ақау болған кезде бәрін тоқтатады.

Абдуррахман БАҚТЫГЕРЕЕВ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті физика және техникалық пәндер кафедрасының оқытушысы, магистр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button