Жарнама
Білім

13 университеттің студенттері UTEBAYEV UNIVERSITY-де бас қосты

Бүгін UTEBAYEV UNIVERSITY-де Инженер-мұнайшылардың халықаралық қоғамы (SPE) ұйымдастырған жыл сайынғы техникалық конференция мен көрме аясында SPE Student Development секциясы өтті. Бұл іс-шара мұнай-газ саласында білім алып жатқан болашақ мамандардың кәсіби дамуына зор мүмкіндік береді. Бұл туралы аталған университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

9e7ad257 eb0b 498b af22 e32f5956ceff

SPE Student Development жобасына Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Беларусь елдерінің 13 жетекші жоғары оқу орнынан 50-ге жуық студент қатысты. Секцияның негізгі мақсаты – жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, мәдениетаралық және пәнаралық қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы инновациялық идеялармен алмасу.

Секция бағдарламасы студенттерге өздерін кәсіби тұрғыда дамытуға мол мүмкіндік берді. Қатысушылар өңірдегі кен орындарына барып, жұмыс процесіндегі заманауи технологиялармен танысты. Сонымен қатар, студенттер сала мамандары өткізген пікірталастар мен шеберлік сабақтарына қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды және болашақ мамандықтарына байланысты құнды тәжірибе жинады.

SPE бастамасының Ресей және Каспий маңы елдері бойынша өңірлік директоры Алексей Борисенко бұл шараның жас мамандар үшін маңыздылығын атап өтті:

-SPE Student Development секциясы – бұл жас инженерлердің өздерін көрсетуге, халықаралық деңгейде кәсіби байланыстар орнатуға және мұнай-газ саласының дамуына үлес қосуға арналған ерекше алаң. Мұндай шаралар студенттердің болашақ мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың табысты маман болуына ықпал етеді, — деді А.Борисенко.

934960fe 60ec 4547 96b4 739ef6b475a3

Айта кетейік, аталған конференция 28 қарашаға дейін жалғасады. Алдағы күндері көрме, шеберлік сабақтары, тақырыптық секциялар өтеді. Конференция соңында қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.

UTEBAYEV UNIVERSITY халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараларға алаң ұсына отырып, мұнай-газ саласында дарынды жас мамандардың дамуына ықпал етуді жалғастыруда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button