
Университетаралық байланыстың жемісі (+ФОТО)
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің журналистика кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Мұқашева «Журналистика» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан комиссиясының төрайымы ретінде Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болып қайтты.
Осы жылы аталған университетті «журналистика» мамандығы бойынша 23 студент бітіреді.
Мәншүк Тынышқалиқызы – «TURKISTAN MEDIA HOLDING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Жанахмет Ағыбаев, холдингтің атқарушы директоры Тельман Бейсенов, Халықаралық университеттің «журналистика» кафедрасының меңгерушісі Әлия Білдебек, профессор Бекжігіт Сердәлінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелдің» модераторы болды.
Кездесу барысында өңірлік журналистерді даярлау мәселелері, екі жоғары оқу орнының «журналистика» кафедралары мен «TURKISTAN MEDIA HOLDING» ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, «TURKISTAN MEDIA HOLDING» ЖШС студенттері үшін медиастудия ашу жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Айта кету керек, Атырау университеті мен Халықаралық қазақ-түрік университеті бір-бірімен тығыз ғылыми байланыста жұмыс жасап келеді.







