ЖАҢА КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ (+ФОТО)

img 20200905 wa0040 Жаңалықтар


Индердің орталық кітапханасында жергілікті ақындар кітаптарының тұсаукесері өтті. 


Төлеубай Ысқақовтың  3 томдық  жинағы,  Индер ауданының Құрметті азаматтары Ерсайын Көшек пен Самиғолла Ғалымның және Индерлік жас ақындардың өлеңдер топтамасының  бәрі «Ағатай» баспасының қолдауымен жарыққа шықты.
Шарада Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы Қойшығұл Жылқышиев, Индер ауданы әкімі Мейірім Қалауи сөз алып, ақ тілектерін білдірді. Жаңа кітаптардың тұсауын «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының кеңесшісі И.Балмағанбетов, «Атырау-Ақпарат» ЖШС жанындағы бас редакторлар кеңесінің төрағасы Т.Дәрелов, ғалым Н.Сейітов, Индер аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Ө.Нұриев, жергілікті баспасөз саласының ардагерлері К.Сахи мен М.Бозаева баспадан жаңа шыққан кітаптардың алқызыл ленталарын қиды.

img 20200905 wa0038
img 20200905 wa0039
img 20200905 wa0041
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз