ЖАҢА ЖЫЛДА – ЖАҢА ПӘТЕР

Жаңалықтар

 Салтанатты жиында белгілі болғанындай, үстіміздегі жылдың бірінші жартысында Атырау қаласында кезекте тұрған отбасыларға тағы да осындай алты үй пайдаланылуға беріледі.

Өз кезегінде пәтер иесі атанып, қуанышқа кенеліп отырғандар да қала басшылығы мен тиісті құрылымдарға алғыс айтып, Ұлыс күні қарсаңындағы бұл игілікті іске ризашылықтарын білдірді.

Бұл күні жаңа пәтер кілтіне ие болған жанның бірі – Гүлшара Асанова. 2001 жылдан бастап пәтер кезегіне тұрған қарттар үйінің қызметкері «Алғыстан басқа айтарым жоқ. Наурызымыз құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!» деген аналық ақ тілегін жолдады.

Гүлжан ӘМІРОВА.
Суретті түсірген 
Ә.Әбілғазиев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған