Жұмыстан бас тартқан ұшқыштар

39e388d15154f35720a7a313feb10959 XL Жаңалықтар

ГЕРМАНИЯ. Елде жалақысына көңілдері толмайтын ұшқыштар тағы да көтерілді. Lufthansa әуе компаниясының қызметкерлері бірауыздан жұмысқа шығудан бас тартқан.

39e388d15154f35720a7a313feb10959_xl

Нәтижесінде екі күннің ішінде бұл елде екі мыңға тарта рейс кейінге шегерілді. Lufthansa әуе компаниясының жолаушылары екі апта бойы қалаған бағыттарына ұша алмай отыр. Германияда шарасыз қалған 180 мың адам  өзге компаниялардың қызметіне жүгінген немесе пойызға билет алуға мәжбүр болыпты.

Ұшқыштар өз құқын соңына дейін қорғауға бел шешіп отыр. Олар соңғы төрт жыл бойы алған жалақыларына 3,7% көтерме ақша қосуды талап еткен. Айталық, қазір Германияда тәжірибелі ұшқыштар жылына 250 мың еуро табыс табады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз