ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАНДАЙ?

Жаңалықтар

– Жаңа тұжырымдама зейнетақы төлемдері мөлшерінің барлығына және Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығына кепілдік беру мақсатында мемлекеттің, қызметкер мен жұмыс берушінің жауапкершілігін күшейте отырып, зейнетақымен қамсыздандырудың қолданыстағы көпдеңгейлі жүйесін сақтап қалуды көздейді. Басты тұжырымдамалық өзгеріс қолданыстағы жинақтаушы жүйесін жұмыс берушілердің қызметкерлердің пайдасына міндетті бес пайыз жарналары есебінен қалыптасқан жаңа шартты-жинақтаушы компонентімен толықтыру болып табылады, – дейді министр.
Сондай-ақ, Т.Дүйсенова жаңа жүйе жинақтау секілді үлестіру принципін де қолдайтынын айта келе, жүйеге қатысушы әрбір адамға дербес зейнетақы шоты (қазіргі жинақтау шотына қосымша) ашылып, онда жұмыс берушілердің жарналары тіркеліп отыратынын жеткізді.
– Жұмыс берушілерден түсетін жарналар капиталдандырылмайды және жекелеген адамдардың меншігі болмайды, – деді министр. – Ол осы жүйеге қатысушылардың ағымдағы зейнетақыларын төлеуге жұмсалатын болады. Зейнетақы мөлшері жұмыс берушінің 5 пайыздық жарналарының есебінен қалыптасатын жинақ негізінде айқындалады. Зейнетақы өмір бойы төленетін болады. Зейнетақы төлемінің бұл түрі азаматтардың жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан кем болмаған жағдайда тағайындалады. 2043 жылға дейін зейнеткерлік жасқа келетін ынтымақты, сол сияқты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі толық емес азаматтар – адамдардың бұл санатына базалық зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 1998 жылдан кейінгі қатысу өтілі ескеріле отырып есептелетін болады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің сөзіне сүйенсек, жаңа жүйедегі бірінші компонент зейнеткерлік жасқа жеткен барлық азаматтарға олардың еңбек өтілі мен жалақысына қарамастан, бірдей мөлшерде республикалық бюджет қаражатынан мемлекет төлейтін базалық зейнетақы болмақ. Зейнеткерлікке 2043 жылдан кейін шығатын адамдар базалық зейнетақы жинақтарына байланысты есептелетін болады.
Бұған қоса, брифингке қатысқан ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов биыл бірыңғай ұлттық тестілеу жүйесі өзгермейтінін, тест өткізетін 155 орын дайын тұрғанын, қазіргі уақытта мектеп бітірушілердің 70 пайызы бұл сынақтан өтетінін жеткізді.
Ал, Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық және оны ұйымдастыру мәселелері Министрлер кабинеті отырысында әлі де қаралатындығын айтты.

Айгүл СОЦИАЛҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған