ҚЫЗЫҒЫ КӨП «ҚЫЗҒАЛДАҚ»

Индер ауданында көптен сөз болып, бірақ іске асырылуы баяулап қалған мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бойынша биыл бірқатар оң жұмыстар атқарылды. Бұлай дейтініміз, біраздан бері балабақшасы болмай, әсіресе, жас аналар көптеген қиындықтар көріп келе жатқан Жарсуатта 45 орындық балдырғандар мекені іске қосылды.

Енді, міне, Елтайдағы «Қызғалдақ» балабақшасын бұған дейін иеленіп келген мекемелер орындарын босатып, күрделі жөндеуден өткізіліп, балдырғандар қуанышқа кенелуде. Барлығы 58 млн. 774 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткен мұнда енді 115 сәби тәрбиеленіп, 30-ға тарта адам еңбек ететін болды.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз