Бақытгүл Хаменова жаңа оқу жылындағы білім беру форматы, коронавирус инфекциясының күшею себебі туралы айтты

whatsapp image 2020 03 24 at 10.19.51 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz / 10 шілде, 2020 жыл. Жаңа оқу жылындағы білім беру форматы, пандемия жағдайындағы Атырау, медицина саласы. Уақытының тығыздығына қарамастан, бізге Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВАМЕН сұхбаттасудың сәті түскен еді.

Назарларыңызға жедел жағдайда алынған сұхбатты ұсынып отырмыз.

– Бақытгүл Қайыржанқызы, пандемиямен бірге, қазір қоғамда үлкен сұрақ бар. Ол – жаңа оқу жылындағы білім беру форматы. Балалар қалай оқиды?

– Мектеп партасын ас үй үстеліне ауыстырған бала, оның толыққанды деңгейде білім алуы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыла­рынан шыққан оқушыларды интернетпен қамтамасыз ету сияқты көптеген проблемалық мәселелер бар. Бірақ, мем­лекет барлық ресурстарды оңтайлы пайдалануға күш салып жатыр.

Әрине, білім беру процесіне нақты өзгерістер жағдайға қарай реттеледі. Десе де, қазіргі уақытта аймақта қашықтан оқытуға дайындық жүріп жатыр.

Әзірге шалғай орналасқан, ша ғын жин а қта л ғ а н мектептерді штаттық режимде оқыту жоспарда бар. Қандай жағдай болса да, біздің базамыз дайын болуы керек. Сондықтан, б ү г і н д е м е к т е п т е р г е қажетті 2152 компьютерге сұраныс берілді және он елді мекен интернетпен қ а мтыл а ды. Ол а р – Құрманғазы ауданындағы Балқұдық, Сүйіндік, Азғыр, Жалғызапан, Үштаған, Батырбек, Қоңыртерек, Асан ауылдары және Қызылқоға ауданындағы Тасқұдық пен Кенбай ауылдары. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» компаниясымен келіссөздер жүруде.

Бұдан бөлек, 8500 мұғалім IT сауаттылық бойынша оқудан өтті. Қосымша білім беру ұйымдары қызметін қашықтан жүргізу бойынша алгоритм жасақталды.

– Атырауға жауапты қызметке келген сәтіңіз әлемді сарсаңға салып жатқан пандемиямен тұспа-тұс келді. Сын сағаттағы жұмыс барысы туралы айтып берсеңіз…

– Иә, Атырауға облыс әкімінің орынбасары болып келгеніме төрт айдың жүзі болыпты. Туған елге келіп, мұндай мәртебелі қызмет атқару мен үшін үлкен жауапкершілік.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялаған коронавирус ин­фекциясынан көп сабақ алуға болады.

Ең алдымен, бұл жағдай кез келген мемлекеттің басты стратегиялық ресурсы адам және оның саулығы екендігін көрсетті. Дені сау ұлт болмаса, мемлекеттің болашағы қараң. Шыны керек, біз қазір екі жолдың ортасында тұрмыз…

Р а с , м е н қ ы з м е т к е кіріскеннен соң арада бір апта өткеннен кейін ел бойынша карантин енгізілді. Қазір де карантин режимінде жұмыс істеп жатырмыз. Оңай емес. Бірақ, қандай жағдай болса да, біз бар ресурсты панде­миямен күреске жұмылдыра береміз.

– Сөзіңіз аузыңызда, ұлт саулығы дегеннен шығады, бірақ, қазіргі ахуалға қарап отырсақ, жағдай ушығып барады…

– Ойыңызды түсіндім. Біздің еліміз ғана емес, әлемде болып жатқан пандемияға ешбір мемлекет дайын болған жоқ. Қытай, Еуропа елдері үлкен адам шығынына ұшырады. Жағдай біздің елімізде де күрделі.

Мамыр айында Теңіз кен орнында жаппай вирусқа шалдыққан 700-ден астам адам анықталған еді. Сол кезде біз Теңізде дереу мобильді топ санын төрттен онға жеткіздік. Инфекциялық с т а ц и о н а р л а р д ы ң , карантиндік орталықтардың санын арттырып, барынша жағдай жасауға тырыстық. Қазіргі уақытта Атырау қаласында емханалар жа­нынан 61 мобильді бригада жасақталды. Мобильді топты не үшін айтып отырмын?

Қазірдің өзінде осындай топтар санын аудан, ауыл­дар үшін арттыру бойынша жұмыстар жасап жатырмыз. Неге? Себебі, дәл осы топ­тар коронавируспен ауы­рып, үй жағдайында ем алып жатқандар үшін аса керек. Олардың алгоритмге сай беретін кеңестері, көрсететін көмектері шешуші факторға айналып отыр.

Пандемия басталғалы бері Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бастаған команда үлкен жұмыстар атқарды. Шет елде оқып жатқан, ем алып жүрген қаншама азаматтарымыз үшін арнайы рейстер ұйымдастырылды. Ол кісілерді күтіп алып, карантиндік стационарларға орналастыру, анализ алу, сол аралықта жағдайларын жасау қаншама ерік-жігерді, шебер ұйымдастырушылықты қажет етті… Осылайша, талай адам отбасыларына аман-есен қауышты… Түсінген адамға бұл – ауқымды жұмыс…

Денсаулық саласымен бірге спорт, білім, жастар, мәдениет және ішкі саясат салаларына жетекшілік жасап келемін.

Әсіресе, төтенше жағдай кезінде аталған салалардағы жұмыстарды ұйымдастыру оңай болған жоқ. Мәдениет, білім саласында жұмыс фор­маты толықтай онлайн ре­жимге көшті. Жас спортшы­ларымыз, қаншама үйірмеге тартылған оқушылар онлайн жаттығулар жасады. Мұның өзі бапкерлердің өз ісіне қаншалықты берілген маман екендігін көрсетеді…

– Жалпы, Атырауда коронавирус инфекциясына байланысты ахуал өте күрделі. Жағдайдың осынша ушығуына не себеп болып отыр?

– Ең басты пробле­ма – індеттің медицина қызметкерлерінің арасында тіркелуінде. Бүгінгі күні 58 медицина қызметкері аталған індетті жұқтырып алып отыр. Ал, онсыз да маман жетіспей жатқан қазіргі жағдайда бұл – қауіпті көрініс.

Атырау қаласында алғаш рет облыстық аурухананың медицина мамандары арасы­нан індет анықталды. Дереу облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен облыстық аурухананың бас дәрігері жауапкершілікке тартылды. Ол кезде індет өңірде алғаш рет тіркеліп, әлі жинақталып үлгермеген жағдайда болған едік.

Бір өкініштісі, індетпен к ү р е с у ж а ғ д а й ы ж о л ғ а қ о й ы л ғ а н к е з ­де Құрманғазы ауданы әкімінің және аудандық аурухана басшылығының тарапынан санитариялық- э п и д е м и о л о г и я л ы қ бақылаудың төмен болуы салдарынан індет қарапайым халық арасында жайылуы былай тұрсын, тұтас ауылдық округ дәрігерсіз қалды. Бір сәтте құрманғазылық 13 медицина қызметкері ин­фекция жұқтырды. Осындай жағдайлар эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне себеп бо­лып отыр.

– Кадр тапшылығы туралы өзіңіз жиі айтып жүрсіз. Ендігі қадам қандай болмақ?

– О б л ы с б о й ы н ­ша қазіргі кезде өткір тұрған проблеманың бірі – медициналық кадр тапшылығы. Атап айтқанда, жалпы тәжірибелік дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, инфек­ционист және эпидемиолог сынды 278 маман жетіспейді.

Күні кеше аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов хабарлағанындай, мәселені шешу үшін көршілес Ресей­ден қосымша мамандар тар­ту мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар, биыл жас мамандар келеді деп күтілуде.

Әлеуметтік мәселе – кешенді қарастыруды қажет ететін сала. Осы р е т т е , л а у а з ы м д ы қ нұсқаулыққа сәйкес, ендігі кезекте денсаулық сақтау саласы облыс әкімінің бірінші орынбасарының қарауына өтеді. Бұл мен жұмыстан бас тартады деген емес, қоян- қолтық жұмыс жалғаса береді.

– Медициналық орындарды тиісті аппараттармен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешілуде?

– Бүгінде инфекциялық ж ә н е п р о в и з о р л ы қ а у р у х а н а л а р д ы ң р е а н и м а ц и я л ы қ бөлімшелерінде 115 ИВЛ аппараты бар. Ал, рентген аппараттарының саны – 29. Бұдан басқа, облыста төрт компьютерлік томография бар. Қазіргі уақытта мұндай аппараттарға сұраныс өте жоғары болып тұр. Десе де, аппараттар санын көбейту бойынша жұмыстар жүре береді. Бұдан басқа, Атырауға 55 санитарлық автокөлік әкелінеді.

Шыны керек, пандемия басталғалы бері дәрігерлер күн сайын ерлік жасап жатыр. Өз өмірлерін қатерге тіккен дәрігерлеріміз қаншама уақыттан бері отбасыларын, балаларын көрместен сіз бен біздің өміріміз үшін күресуде… Мұны сезіне б і л у к е р е к . А й м а қ т а қаншама провизорлық, карантиндік, инфекциондық стационарлар ашылуда. Осындай әр орталықтардың әрқайсысының артында дәрігер маманның өлшеусіз еңбегі, ерлігі жатыр…

– Сұхбатымызды қорытындыласақ…

– Әлем бойынша корона­вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті, соның салдарынан 500 мыңнан астам адам көз жұмды. Талай асылдары­мыздан айрылдық. Қазіргі уақытта әлемнің бірқатар елдерінде карантин тәртібі қайта күшейтіліп, әуе, көлік қатынасы қайтадан шектелді. Атырауда да қатынайтын жо­лаушылар пойызы уақытша тоқтатылып отыр.

Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай оңай бо­лып тұрған жоқ. Десе де, өтпелі кезеңде үмітсіздікке бой алдырмай, жақсы ойда болуға шақырамын. Талай сынақтарды бастан өткерген халқымыз ауыр күндерді ертеңге деген сенім арқылы жеңген. Демек, бірге болуы­мыз керек. Және карантин режимін максималды түрде сақтауға шақырамын.

Махамбет Жолдасқалиұлы басқарып отырған об­лыс басшылығы аймақ тұрғындарының әрбірінің ұсыныс-ескертулерін на­зардан тыс қалдырмайды. Барлық ұсыныс үшін ашық екенімді айтқым келеді.

Сұхбаттасқан: Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз