СУ ма, У ма? Елімізде энергетикалық сусындар кедергісіз сатылуда…

600 energetik 600x405 1 Жаңалықтар

Atr.kz/21 тамыз, 2020 жыл. Медицина мамандарының айтуынша, аталған сусындардың құрамында есірткіге ұқсас заттар болады. Бұл орталық жүйке жүйесінің бұзылуына әсер етеді.

Адам ағзасына зияны

– Энергетикалық сусындарды қолдануға мүлдем қарсымын. Оны көбірек пайдалану қан қысымының немесе қандағы қант деңгейінің көтерілуіне әсер етеді. Энергетикалық сусындардың құрамындағы кофеин жүйке жүйесін әлсіретеді. Оның әсері ұзақ уақыт сақталады, бұдан кейін ағзаға демалыс қажет. Сонымен қатар, кофеинге адам тез әуестенеді. Энергетикалық сусындардың құрамында көп мөлшерде В дәрумені бар. Бұл жүрек соғысын жиілетіп, аяқ- қолдардың дірілдеуіне себепші

 болады. Бүйрек қызметінің бұзылуына да әсер етеді, – деді жоғары санатты невропатолог-дәрігер Майра Рахметуллина.

О н ы ң а й т у ы н ш а , ж е т к і н ш е к т е р қ ұ м а р л а н а ішетін сусынның құрамындағы дәрумендер мультидәруменді кешенді алмастыра алмайды. Жүрегі ауыратын адамдарға оны тұтынуға мүлдем болмайды. Сондай-ақ, «энергетикалық сусындар шаршағанды басады, к ү ш – қ у а т т ы а р т т ы р а д ы » деген түсінік те қате. Кейбір жастардың тез ашуланғыштығы, жүйке жүйесі ауруларына шалдығуының бір себебі осындай сусындарды пайдаланудың салдары болса керек.

Сусынның дәмін алған адам оны тағы да алуға құмартып тұрады. Бізбен сұхбаттасқан Атырау қаласының тұрғыны Асылхан Сатыбалдиев осыған қатысты өзінің өмірінен мысал келтірді.

– Ұзақ жолда көлік жүргізіп келе жатып, ұйқы басқандықтан ж о л д а н « R e d b u l l » с а т ы п алғанмын. Содан бастап осы сусынға тәбетім ашылды. Оны ішпей тұра алмайтын жағдайға жеттім. Дегенмен, кейін он шақты күн қатты ауырдым. Содан бері оны көп алмаймын. Өйткені, сусынның зияндылығын білемін, – деді ол.

Бір қызығы, оның құтысында артықшылықтары туралы анық, әрі көрнекі жазылған. Ал, зияндылығы туралы ақпарат өте ұсақ әріптермен беріліпті. Зер сала оқысаңыз, бұл жазулардан қ о р қ ы н ы ш , ұ й қ ы с ы з д ы қ , үрейлену, ашуланшақтық, жүректің қатты соғысы сынды кеселдердің тууына себепкер болатынын оқуға болады.

Шетелдерде сатуға тыйым салынған

Дүниежүзілік денсаулық с а қ т а у ұ й ы м ы б а л а л а р а р а с ы н д а ғ ы ж ү р е к – қ а н тамырлары сырқаттары мен жүйке жүйесінің бұзылуын, а с қ а з а н – і ш е к а у р у л а р ы н болдырмаудың бір жолы – энергетикалық сусындарды шектеу екенін айтқан. Сондықтан, дамыған елдердің көбінде оны мүлде немесе ішінара сатуға тыйым салынған. Мәселен, Франция, Дания, Норвегияда сусын сауда орнының сөрелеріне шығарылмайды. Дәрігердің нұсқауымен ғана дәрі ретінде дәріханалардан алуға болады. Ал, бізде қалай?

Мамандар энергетикалық сусындардың денсаулыққа з и я н ы н а й т ы п , д а б ы л қ а қ қ а н ы м е н , Қ а з а қ с т а н д а жастардың оған әуестігі жылдан- жылға артуда. Біз бас сұққан азық-түлік дүкенінің сатушысы оған сұраныстың көптігін, әкелген тауардың тез таусылып қалатынын айтты. Бағалары 250-700 теңге аралығында. Қалай десек те, супермаркеттер м е н д ү к е н с ө р е л е р і н д е «менмұндалаған» сусындар бағасының қымбаттығына қарамастан өтімді болып тұр. Жайық жағалауындағы акция кезінде ол тегін де таратылыпты.

Интернет желісіндегі мәліметке сүйенсек, энергетикалық сусындардың адам өліміне әкеліп соқтырған алғашқы дерегі 2009 жылдың қазанында тіркеліпті. Пенза қаласының студенті оны шектен тыс пайдаланғандықтан көз жұмған. Содан да болар, Франция мен Германияда бұл сусындарды өндіруге рұхсат жоқ.

Қажетті шара қолға алынуы керек

Қазақстанда энергетикалық сусын кез келген жерде еркін сатылады. Қала көшелерінде, теледидар мен ғаламторда да ашық жарнамаланып жатыр. Адам саулығын емес, табысын ойлайтындар оған қаржысын аяп жатқан жоқ. Теледидарға телміріп, интернетке үңілген жастар небір көзтартарлық бейнероликтердің әсерімен дәмі «тіл үйірер» алдамшы сусындарға тәуелді болып қалуда.

А й т а к е т у к е р е к , Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2013 жылдың 19 тамызында шыққан «Сергітетін компоненттері бар сусындарды сатуға тыйым салу туралы» қаулысы бар. Соған сәйкес орта және арнаулы орта білім беретін, жоғары оқу орындарында, денсаулық сақтау мекемелерінде, жасөспірімдер мен жастар көп жиналатын жерлерде мәдени-көпшілік шараларда мұндай сусындарды сатуға шектеу қойылған.

Алайда, б ұ л т а л а п т ы ң о р ы н д а л ы п жатқаны байқалмайды. Осы о р а й д а А т ы р а у қ а л а л ы қ мәслихатының депутаты Ринат Ғилажев кәмелетке т о л м а ғ а н д а р ғ а м ұ н д а й сусындарды мүлдем сатпау т у р а л ы ө к і м н і ң қ а ж е т т і г і жөнінде ұсыныс айтып отыр.

  • – Б ұ л т у р а л ы е к і ж ы л бұрын Мәжіліс депутаты Сәкен Қаныбеков спирттік ішімдіктердің сатылу уақытын шектеп, тыйым салынған соң оны сату азайғанын, энергетикалық сусындарға да осындай шара керектігін қозғап, дабыл қақты. Сатушыларға қандай әкімшілік жаза қолдану қажеттігін қарастыруды да алға қойды. Бұл – өте орынды айтылған ұсыныс. Өскелең ұрпақтың саулығына алаңдасақ, расымен де мұндай сусындарды сатуға жол бермеген жөн. Біз де мәселені алдағы уақытта күн тәртібіне қоятын боламыз, – деді сұхбаттасушымыз.

P.S.

Мамандар энергетикалық сусындардың адам денсаулығына зияндылығын айтуда. Соған байланысты үлкен мінберлерден оны сатуға шектеу қою туралы ұсыныс та жолданып отыр. Ендігі уақытта осы мәселе аяқсыз қалмай, шешімін тапса игі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Ұлттық сусындарды алмастыра алмайды

 София САҒЫНДЫҚОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы:

  • – Біз ұлт саулығының қауіпсіздігі үшін жас ұрпаққа газдалған тәтті сусындардың зияндылығы туралы жан-жақты айтып жеткізуге тиіспіз. Жалпы, адам тәттіге құмар болса, соған үйірлік, тәуелділік пайда болатындығы ғылыми тұрғыда дәлелденген. Мұндай сусынды ішкен адамның да оған деген қызығушылығы арта түседі. Бұдан ағзада түрлі дерттің пайда болатыны анық.
  • Сондықтан, энергетикалық сусындардан бойымызды аулақ ұстап, шұбат, қымыз, айран секілді өзіміздің ұлттық нәрімізді ғана пайдалансақ деймін. Шөлімізді басып, әрі талай дертке дауа болатын қазақтың қанына сіңген ұлттық сусындарымызды ештеңе алмастыра алмайтынын есте ұстаған жөн-ақ.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз