ШҰҒЫЛ: Атыраулық кәсіпкерлер назарына! (+ИНФОГРАФИКА)

«БИЗНЕСМЕН» Жаңалықтар ИНФОГРАФИКА

Atr.kz/17 тамыз, 2020 жыл. 2020 жылдың 14 тамыз №47 Мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, InfoKazakhstan.kz сайынан электрондық форматта берілетін Санитариялық нормаларға сәйкестік актісінің негізінде объектілердің қызметін қайта бастайды.

Қызмет бастаудың 2 түрі бар:

1. Жұмысты тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта бастауда;
2. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тексеруімен жұмысты қайта бастау;

Жұмысты тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта бастауда ҚАРАПАЙЫМ ҮШ ҚАДАМ:

1-кадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеу.

2-қадам. Бас санитарлық дәрігердің қаулысынжүктеу және кәсібіңізге қойылған санитарлық талаптармен танысып, оны электронды цифрлық қолтаңба арқылы растау.

3-қадам. Жеке кабинетте және электронды поштада дайындық туралы актісін алып, жұмысты бастау.

Электронды рұқсатты басып, шығарып, қағаз көшірмесін іліп қою қажет.

Аталған талаптар бойынша толық кеңес алу үшін төмендегі байланыс телефондарына хабарласыңыздар:

8(7122)76-36-57, 87010880045,87025001308

«Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған