«Qoldau 24/7» қосымшасымен емхана таңдау құқығын білуге болады

0 29 Жаңалықтар

atr.kz/16 қыркүйек, 2020 жыл. Емханаға өз еркімен тіркелу құқығы жылына бір рет қана беріледі. Тіркелу туралы толық ақпаратты​ телефонға «Qoldau 24/7» қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.


Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Президенттің тікелей тапсырмасымен ағымдағы жылдың шілде, тамыз, қыркүйек айларында МӘМС қорына жарна төлеуден босатылған шағын және орта кәсіпкерліктің 29 санатына жататын кәсіпкерлер​ медицина қызметін тегін пайдалана алады.


Кәсіпорын басшылары ол үшін өз қызметкерлерінің тізімін электронды форматта әр айдың​ 25 –інен кешіктірмей ұсынуы тиіс. ​ Өткен жылы тіркелген емханадан ауысқысы келмейтін тұрғындарға ешқай барудың қажеті жоқ. Олар сол емханада автоматты түрде тіркеліп тұрады. Түсінбеген сауалдарын смартфонға «Qoldau 24/7» қосымшасын жүктеп алу арқылы немесе 1406 нөміріне электронды жазба жіберу арқылы қалдыруға болады» – деді Сәбит Құралбек .

Айта кетейік, ​ ел азаматтарының өз таңдауымен емханаға тіркелу мерзімі жыл сайын​ 15 қыркүйек пен 15 қараша айы аралығында өтеді.​

https://atr.kz/bez-rubriki/immunolog-koronavirus-pandemi%d1%8fsy-qandaj-zhagdajda-a%d1%8fqtalatynyn-ajtty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз